Оразымбетова Гүлнұр

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Оразымбетова Гүлнұр Манатқызы (8.05.1977 жылы туған, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қаратерең ауылы) - әнші. Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген (2003). 2000 жылы "Жас қанат" әншілер байқауының 1-ші жүлдесін, сол жылы "Азия дауысы" халықаралық байқауындағы "Қазақстанның жаңа әндері" байқауының 3 жүлдесін, 2001 жылы Болгарияда өткен 10-шы халықаралық музузыкалық фестивалінің 3 жүлдесін иеленді. Оның репертуарында Р.Таймановтың "Қоркыт-қобыз", Б.Оралұлының "Толғау", С.Жолбарыстың "Сағынышы" мен "Ойлаймын сені", С.Сыздыковтың "Қоштасу", т.б. қазақ халық және қазіргі композиторлардың әндері бар.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала