Оразхан Сәдуақасұлы Кенебаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Кинематограф Оразхан Сәдуақасұлы Кенебаев (16 наурыз 1950, Төңкеріс ауылы, Андреев ауданы, Талдықорған облысы6 сәуір 2024, Алматы) — қазақстандық актер, театр режиссері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2003). Құрмет орденінің иегері (2011).

Жалпы мәліметтер

Уақ тайпасынан шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref> Әкесі — Кенебаев Сәдуақас, марқұм, механизатор болып жумыс істеген. Анасы — Шәріпова Нұржібек, марқұм, ұжымшарда жұмыс істеген. Т. Жүргeнов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер институтының драма мен кино режиссурасы факультетін бітірген (1995), драма мен кино режиссері. Доцент.

1976 жылдан — М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері. 1989 жылдан — Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік жасөспірімдер мен балалар театрының актері. 1995 жылдан - Абай атындағы Жамбыл облыстық драма театрының бас режиссері.

1998 жылдан бері — М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері, сонымен қатар 2000 жылдан бері — Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы. 2007 жылдан «Драма театрының актері» атты жеке мастер-класын жүргізөді (18 студент).

Шығармашылығы

«Абай» (Оразбай), «Абылай хан» (Қалдан шері, Орыс елшісі), «Ревизор» (Дуанбасы), «Томирис» (Балхаш), «Қамар сұлу» (Омар), «Махаббаттыңғажап әні» (Қожақ), «Атжылаған түн» (Төраға), «Құдалар» (Момын), «Мөлдір махаббат» (Әбутәліп) және басқа спектакльдерде ойнайды. «Мосфильм» киностудиясының «Дивизия командирінің күні» (Барлаушы), «Қазақфильм» киностудиясының «Әлия» (Солдат), «Өтелмеген қарыз» кинофильмдерінде ойнаған.

Режиссерлік-қойылымдық жұмыстары: М. Задорновтың «Күйеуіңізді сатыңызшысы», Б. Мұқайдың «Кавалерлері», О. Боранбаевтың «Баламуты», Қ. Мұхамeтжанов пен Ш. Айтматовтың «Фудзиямадағы кездесу» және басқалар. М. Әуезовтің 100 жылдығына арналған Халықаралық фестивальда «Қобыланды» спектаклінің қойылымы үшін «Ең үздік режиссер» бас жүлдесін алған.

Жеке қасиеттері

Діни көзқарасы — «Діндар емеспін, құдыреті күшті Құдайға сенемін». Саяси қайраткер ретіндегі идеалы — Д.А. Қонаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Жоғары мәдениетті халқы бар, ұлы, өркендеген ел». Хоббиі — автомобиль. Сүйіп оқитын әдебиеті - драматургия, тарихи шығармалар, Абайдың еңбектері.

Үйленген. Жұбайы — Кенебаева Людмила Сүлтанқызы (1952 ж. т.), М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекөттік академиялық драма театрында кадрлар бөлімінің бастығы. Қызы — Әсел (1983 ж. т.), драмтеатр режиссері; ұлы — Бахтияр (1972 ж. т.), электроншы-инженер.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Суретсіз мақала