Оразгүл Хасенқызы Мұхатова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Оразгүл Хасенқызы Мұхатова — тарих ғылымының докторы (1999), профессор (2003).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1960 жылы 29 ақпанда қазіргі Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Матай ауылында туған.

Алматы темір жол мектебін (1979, қазіргі ALT Университеті), ҚазМУ-ды (1983, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) бітірген.
Өскемен жол құрылысы институтында оқытушы (1984-1999), Жетісу мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі, ұзақ жылдар бойы Қазақ ұлттық университетінде профессор қызметтерін атқарды.
Қазіргі уақытта Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері.

Ғылыми бағыты, еңбектері

Негізгі ғылыми бағыты – Отандық тарихнама ғылымының теориялық-методикалық мәселелерін зерттеу.
"Қазақстандағы аграрлық өзгерістер тарихнамасы (ХІХ ғасырдың соңы – XX ғасыр)" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
"Алаш" тарихи-этнологиялық ғылыми журналдың жауапты хатшысы.
180-ге жуық ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монография, бірнеше оқу және оқу-әдістемелік құралдарының, 16 қазақтың ру-тайпалары тарихы бойынша жарияланған кітаптардың авторы.

Марапаттары

  • "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" (2011).<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер