Оразақ Смағұлұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Оразақ Смағұлұлы (1.10.1930 жылы туған, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы Ұялысай) — ғалым-антрополог, тарих ғылымдарының докторы (1984), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері (1998), ҚР ҰҒА академигі (2003).

1955 ж. ҚазМУ-ды (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) бітірген. 1959 — 61 ж. КСРО ҒА Этнография институтының аспиранты, 1961 жылдан Қазақстан ҒА Тарих, археология және этнография институтының ғылыми қызметкері. Олардың ұйымдастыруымен 36 экспедициялық және далалық зерттеулер жүзеге асырылды. Оның ішінде үнді — кеңес (1974 — 75), қазақ-моңғол (1991 — 92) және қазақ-италия (1993 — 94, 2002 — 2004), т.б. антропологиялық экспедициялар болды. Ол Қазақстан мен Қырғызстанның биік таулы аймақтарына бейімделу мәселелерін аймақтың этноүрдістерімен байланыстыра зерттейтін халықаралық ғылыми жобаға жетекшілік етті. 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы, оның 20-ға жуығы АҚШ, Жапония, Қытай, Үндістан, Түркия, Италия, Германия, Франция, Дания, т.б. шет елдерде жарық көрді. Еңбектерінде қазақтардың генофондының біркелкілігі, 4 мыңжылдық тарихы жайлы ғылыми пікірлер тұжырымдалды. С. Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері (1990).

Шығармалары:

  • Население Казахстана от эпохи бронзы до современности, А., 1970;
  • Этническая генеография Казахстана, А., 1970;
  • Этническая антропология Казахстана, А., 1982;
  • Этническая одонтология Казахстана, А., 1989 (соавт.);
  • Абылай хан, Аст., 2003 (телавт.);
  • Этническая дерматоглифика казахов, А., 2005 (соавт).<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}