Оптикалық индикатриса

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Оптикалық индикатриса - кристалдардан өтетін жарық толқындарының тербеліс бағыттары мен сыну көрсеткіштерін сипаттайтын векторлар бойынша жасалған бейне. Оптикалық индикатриса минерал арқылы өтетін жарық толқындарының тербеліс бағыттары мен олардың сыну көрсеткіштерінің байланысын білдіреді. Минерал арқылы өтетін жарық толқындарының тербелісі тек қана оптикалық индикатрисаның эллипс қимасының осьтері бойымен ғана болады. Оптикалық индикатриса түрлері минералдардың симметриясына байланысты. Текшелік сингония минералдарының оптикалық индикатрисасы шар пішінді. Орта сингония минералдарында екі осьті эллипсоид немесе айналма эллипсоид, төмен сингония минералдарынікі үш осьті эллипсоид болады. Айналма эллипсоид пен үш осьті эллипсоидтің басты диаметрлері оптикалық индикатрисаның осьтері деп аталады. Олар ng , nm, np немесе Ng, Nm, Np деп белгіленеді. Айналма эллипсоидте бір, үш осьтіде екі дөңгелек қима болады. Минералдардың оптикалык қасиеттерін анықтау үшін, олардың оптикалық индикатриса пішінін, жарты осьтерінің мәнін және бағдарын білу керек. Минералдардың кез келген қимадағы оптикалык қасиеті оптикалық индикатрисаның сәуле бағытына көлденең болатын орталык қимасымен сипатталады, себебі параллель қималарда қасиеттері бірдей және кристалдардың қандай нүктесі болмасын, оны пндикатрисаның центрі деп алуға болады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы" Ж А Қ , 2003. — 248 бет. іSВN 5-7667-8188-1 іSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub