Оптикалық жүйе аберрациялары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Оптикалық жүйе аберрациялары (лат. aberratіo – ауытқу) – оптикалық жүйе арқылы алынған кескіндердің бұрмалануы. Оптикалық жүйе аберрациялары оптикалық кескінді көмескілендіреді, жиектерін түрлі түске бояп, нысанмен ұқсастығын бұзады.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>

Оптикалық жүйе аберрациялары түрлері

  • геометриялық
  • хроматтық

Хроматтық аберрация

Хроматтық аберрация ортаның сыну көрсеткішінің жарық толқынының ұзындығына тәуелділігінен пайда болады. Оның салдарынан кескін түрлі түске боялып көрінеді. Оптикалық жүйе аберрацияларын толық жою мүмкін емес. Бірақ әр түрлі әдістер арқылы оны азайтып, кескін сапасын арттыруға болады.

Геометриялық аберрация

Геометриялық аберрацияға сфералық аберрация, кома, астигматизм, дисторсия жатады. Сфералық аберрация – нысанның бір нүктесінен шығып оптикалық жүйе арқылы оның осіне жақын және одан шеткері өтетін сәулелердің бір нүктеде қиылыспауы. Оптикалық оське көлбеу түскен сәулелер оптикалық жүйе арқылы өткенде нүкте кескінінің сопақ дақ болып түсуі кома деп аталады. Егер оптикалық жүйе арқылы өтетін сфералық жарық толқыны деформацияланып, бір нүктеден шыққан сәулелер бір нүктеде қиылыспай, өзара перпендикуляр екі кесінді бойына бір-бірінен біраз қашықтықта орналасса, ондай аберрация астигматизм деп аталады. Дисторсия – кескіннің түрлі бөліктерінің сызықтық үлкеюінің әр түрлі болуынан нысан мен кескін сәйкестігінің бұзылуы.

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Оптикалық жүйе аберрациялары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}