Оптикалық байланыс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Оптикалық байланыс – оптикалық диапазондағы электромагниттік толқындар арқылы іске асырылатын байланыс түрі.<ref>Тұрсын Қ., Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001</ref>.

Қарапайым жарық көздерімен қашыққа дабыл беру ісі ерте заманнан белгілі болған. 1960 жылы лазерлер пайда болғаннан бастап, байланыс жүйесіне оптикалық диапазондағы электромагниттік толқындарды пайдалану мүмкіндігі ашылды.

Оптикалық байланыс жүйесінің құрылымдық схемасы радиобайланысқа ұқсас келеді. Таратылатын хабар дабылға түрлендіріледі. Бұл дабыл оптикалық жиілікті тербеліс тудырады.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}