Операторлар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Операторлар – берілген жүйені сипаттайтын функцияны түрлендірудің математикалық түрлі операцияларын (алгебралық, дифференциалдық, интегралдық, т.б.) жасайтын математикалық өрнек.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>

Қолданылуы

Физикада әрбір динамикалық шамаға бір математикалық оператор сәйкестеледі. Операторлардың математикалық жолмен жан-жақты зерттелген түрі – Гильберт кеңістігіндегі сызықтық түрі. Мұндай сызықтық Операторлардың өздік мәні сол оператор сипаттайтын физикалық шаманың өзіне тең, ал оператордың өздік функциясы – зерттеп жатқан жүйені сипаттайтын функциялардың толық жинағы болып табылады.

Теориясы

Операторлардың өздік функциясы мен өздік мәнін табуға арналған теңдеу – кванттық теорияның басты теңдеуі болып табылады. Осы теңдеудің берілген физикалық құбылысқа арналған түрі сол құбылысты жан-жақты толық сипаттайды деп есептеледі. Ал Операторлардың математикалық дәйекті түрі осы оператор анықтайтын жүйе спектріне сәйкес келетін өздік функцияларды өрнектейтін кеңістіктік координатты таңдап алуға байланысты.

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Операторлар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}