Омар мен Тұр күмбезі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғимарат Омар мен Тұр күмбезіМаңғыстау облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген қала құрылысы және сәулет ескерткіші.

Орналасқан жері

Маңғыстау облысының Бейнеу ауылынан шығысқа қарай 20 км жерде.

Кезеңі, авторлары

1897-1898 жылдары жергілікті тастан тұрғызылған. Сәулетшілері – ағайынды Өмір мен Дүйсен Қаражүсіпұлдары. Кесене XIX ғасырдағы далалық архитектураның озық үлігілі ескерткіші. Осы архитектуралық ғимараттың қайталанбас бейнесі далалық сәулет өнерінің Маңғыстауда ғана емес, Қазақстан бойынша озық озық үлгілер қатарына жатқызуға мүмкіндік береді.

Тарихи дерек

Аңыздарға сүйенсек, Омар – адай руынан шыққан атақты өкілі. Қайтыс болған ұлы Тұрды жоқтай отырып, ол ұлына арнап осы кесенені тұрғызады. Өзі қайтыс болғаннан кейін Омар да сол жерге жерленеді.<ref>Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9</ref>

Кесене сипаты

Күмбез шаршыланып (6,15х5,70 м) келген, биіктігі 8,21 м. Ескерткіштің жалпы құрылымы цилиндр пішінді мойындыққа қондырылған дулыға іспетті күмбезден құралады. Күмбез және мойындық ескерткіштің ұзына бойлық көлденең білігін ұстап тұратын 4 сәндік элементтер арқылы біріктірілген. Қабырғалары тайыз ойынды қуыстармен нақышталып, үш жағынан сәндік тақта орнатылған. Бұл құрылыс алдыңғы бетіндегі негізгі пештақпен үндестік тапқан. Ескерткіштің іші сыртқы архитектуралық шешімге сай нақышталған. Бетіне қашап ою-өрнек, түрлі суреттер (қару-жарақ, етік, кебіс, кебеже, аққұман, самауыр, тостаған, кесе, дастарқан, т.б.) салынып, әр түсті бояулармен сырланған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
1982 жылы Қазақ КСР-нің тарихи және мәдени маңызы бар ескерткіштер қатарына еніп, мемлекет қорғауына алынды.

Кесенеде жерленгендер

  • Омар Каратауұлы (1920 жылы 68 жасында қайтыс болды). Руы - Адай (Шоңай);
  • Төрекеш Тұрұлы (1918 жылы қайтыс болды). Руы - Адай (Шоңай);
  • Бейнеу Омарұлы (60 жасында қайтыс болды). Руы - Адай (Шоңай);
  • Жамал Нұрқызы (1905—1969). Омар Қаратауұлының немересі. Руы - Адай (Шоңай).

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері