Омар Жұмабекұлы Қиқымов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Омар Жұмабекұлы Қиқымов (1959 жылы Алматы облысы, Кеген ауданы Ұзынбұлақ ауылында туған) — кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2012). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері (1982 жылдан).

Толығырақ

Сахнадағы негізгі рөлдері

Ғ. Мүсіреповтің «Амангелдісінде» Мұңайтпас, М. Әуезовтің «Абайында» Нарымбет, Оразбай (реж. Ә. Мәмбетов) Баймағамбет (реж. Е. Обаев) «Айман-Шолпанында» Көтібар, Арыстан (реж. Ә. Мәмбетов), Маман (реж. Е. Обаев), «Қарагөзінде» Жарылғап (реж. Б. Атабаев), «Қилы заманында» Ақжелке (сахналық нұсқасы Н. Оразалин, реж. Ә. Рахимов), С. Жүнісовтің «Кемеңгерлер мен көлеңкелер» драмасындағы Сәбит Мұқанов, О.Бөкеевтің "Құлыным меніңде" Дулат (реж.Қ.Жетпісбаев), Б. Мұқайдың «Сергелдең болған серілер» комедиясындағы Нұрбай, Н.Әбуталиевтің «Өттің, дүниесінде» Исатай (реж. Е. Обаев), С. Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Мауытбаев (реж. Ә. Рахимов), Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала-бейнесінде» Пысықай (реж. Б. Атабаев), А. Боранбаевтың «Әңгүдігінде» Қайрақбай (реж. О. Кенебаев), Д. Исабековтің «Актрисасында» Ерден (реж. Н. Жұманиязов), Қ. Мұхамеджанов, Ш. Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Досберген (реж. О. Кенебаев), Т. Мәмесейіттің «Бәкей қызында» Балтабай (реж. Ә. Рахимов), Д. Исабековтің «Жаужүрегінде» Балуан Шолақтың әкесі (реж. Е.Обаев), С. Асылбекұлының «Империядағы» кешінде» Сұлтанбек (реж. А. Кәкішева), Т. Әбдіковтің «Ұлы мен Ұры» драмасында Жарқынбек (реж. Е. Обаев, Е. Нұрсұлтан) т.б. көптеген бейнелерді сомдаған.

Кино рөлдері

«Өгей әке», «Тоғызыншы ұлдан сақтан!», «Қара бала», «Намыс», «Заман-ай», «Махамбет», «Көшпенділер», «Біржан сал» т.б. фильмдердегі әрқилы рөлдері актердің шығармашылық биіктері. «Ісім ізім», «Қилы заман», «Молықбай қобызшы», «Шығыс жұлдыздары» телефильмдеріне түскен.

Марапаттары

  • 2011 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі
  • 2012 жылы президент жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталған.
  • 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі