Омар Далбайұлы Далбаев
Үлгі:Тұлға Омар Далбайұлы Далбаев (1931, Доссор кенті, Мақат ауданы, Атырау облысы, Қазақ КСР - 1999) — қазақстандық геолог, Оңтүстік Ембі мұнай-газ барлау экспедициясының бас геологы, Жылыой өңіріндегі көптеген мұнай кен орындарын ашуға тікелей үлес қосқан маман. Прорва, Қарасор, Қара-Арна, Тортай, Шолқара, Қисымбай және Үлкентөбе маңындағы перспективалы алаңдардың ашылуына бастамашы болған.
Өмірбаяны
Далбаев Омар Далбайұлы 1931 жылы Атырау облысы Мақат ауданы Доссор кентінде қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келген. Балалық шағы Ұлы Отан соғысының ауыр кезеңдерімен тұспа-тұс келіп, жасынан мұнай саласының маңызын терең сезініп өсті.
1951 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) геология-география факультетіне оқуға түсіп, «инженер-геолог-мұнайшы» мамандығын меңгерді. Оқуды аяқтаған соң Құлсары мұнай кәсіпшілігінде ұңғыма операторы болып еңбек жолын бастады.
1957 жылдан бастап әртүрлі кен орындарында (Көшкімбет, Тәжіғали және т.б.) аға геолог болып жұмыс істеді.
1969 жылы Құлсары мұнай-газ барлау экспедициясының бас геологы болып тағайындалды. Кейін бұл құрылымдар бірігіп, Оңтүстік Ембі мұнай-газ барлау және терең бұрғылау экспедициясы болып қайта ұйымдастырылды. Далбаев осы экспедицияда бас геолог қызметін зейнетке шыққанға дейін атқарды<ref>https://amr.kz/images/Geologia/2022/1_2022.pdfҮлгі:Deadlink</ref>.
Ғылыми және кәсіби еңбектері
Омар Далбайұлының тікелей басшылығымен және қатысуымен Жылыой өңірінде бірқатар маңызды кен орындары ашылды. Олардың қатарында:
- Прорва — кейін Теңіз кен орнының ашылуына жол салған стратегиялық кеніш;
- Қарасор — 1970-жылдары ашылған, бүгінде де жұмыс істейтін кен орны;
- Қара-Арна — мұнай қоры алғаш рет Далбаевтың есептеуімен бекітілген;
- Тортай, Шолқара, Қисымбай, Улкентөбе алаңы, Актөбе, Мартыши, Камыши, Жанаталап, Аймамбет, Кебір, Жайылған және басқалар.
1987 жылы Жосалысай алқабында экспедиция тарихындағы ең терең ұңғыма (6200 м) оның жетекшілігімен бұрғыланды.
1989–1991 жылдары Матен, Қарашүңгіл, Ембі, Шығыс Табынай, Құмшеті, Үшмола алаңдарында ықпалды барлау жұмыстары жүргізілді. Далбаев көптеген жас геологтарға тәлімгерлік жасап, саланың жетекші кадрларын тәрбиеледі. Оның шәкірттерінің көпшілігі кейін Қазақстан геологиясының танымал мамандарына айналды<ref>https://www.karatauconsulting.com/wp-content/uploads/2021/12/2-%D0%9E%D0%BC%D0%B0%D1%80-%D0%94%D0%B0%D0%BB%D0%B1%D0%B0%D0%B5%D0%B2-90-%D0%B6%D0%B0%D1%81-_rus-ASD-2.pdf</ref>.
Марапаттары
«Омар Далбайұлы еңбегі үшін бірнеше мемлекеттік және салалық наградалармен марапатталған:
- «В. И. Лениннің 100 жылдығы» медалі
- «Еңбек ардагері» медалі
- «Жер қойнауын барлаудағы еңбегі үшін» медалі
- ПО «Гурьевнефтегазразведка»-ның «Құрметті ардагері» атағы
Әдебиеттер
«Кең Жылой» газеті, 2021.
Геология и охрана недр, №1 (82), 2022.