Омарбек Бейуақов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Омарбек БАЙУАҚОВ (10.3.1947. Шығыс Қазақстан облысы Сартерек ауылы ) – тележурналист, БАҚ саласының топ-менеджері.<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия.–Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т.-640 бет.</ref>

Шығармашылығы

ҚазМУ-ді бітірген (1984). Еңбек жолын Семей облысы теледидар және радиохабарларын тарату комитетінде фотолаборант болып бастап (1967-69), 1971-90 жылдары студияда режиссердің көмекшісі, 1991 жылы Семей қаласындағы ЖШС "Байуаков ТВК-6" телекомпаниясының бас директоры, ЖШС "Спектр", "Ертіс өңірі" газеттері мен баспа орталығының құрылтайшысы және бас директоры қызметтерін атқарады.

Баспа орталығында қала мен облыстың 17 басылымы басылады. Өндіріс процесін ұйымдастырудағы іске деген жауапкершілік, жұмыстағы жинақылық, басшылық жұмыста көпшілікпен тіл табыса білушілік және жеке-дара көшбасшылық күнделікті жұмыстағы басты ҚР итерийлері. Ал алға қойылған мақсатқа шығармашылық тұрғыдан келу және ертеңге деген сенім оның өмірдегі басты мақсаты.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мақтау грамотасымен, ҚР Парламентінің дипломымен және естелік медалімен, "Астананың 10 жылдығы" мерекелік медалімен марапатталған. "БАЙУАҚОВ ТВК-6" теледидары 1991 жылы ал радиосы 1995 жылы эфирге шыға бастады. "ТВК-6" теле арнасымен және "Радио-Х"-пен бірлікте жұмыс істейді. Қазақ және орыс тілдерінде, ТД-6 метрлік арнада, радиосы -УКВ 72,77 жиілікте, тәулігіне 38 сағат хабарлар таратады. НТВ, ACT бағдарламаларын ретрансляция жасайды.

Мекенжайы

Семей қаласы Щугаев көшесі, 30-үй. Байланыс телефондары 8 (7222) -661-617; 661-954. Электрондық пошта -tvk6@ mail.Semey.kz

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}