Ольга Каплина

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ольга Каплина – БАҚ саласындағы жобаларды үйлестіруші.<ref>«Қазақстан журналистерінің тәжірибесінен» Алматы, 2008 жыл. ISBN 9965-9860-7-X</ref>.

Қызметін шымкенттік «Отырар» телекомпаниясында тілші ретінде бастаған, сол телеарнада бас редактордың орынбасары жұмысын атқарған. Кейін Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Хабар» агенттігінің меншікті тілшісі, агенттіктің Астанадағы бюросының продюссері болған.

Ольга Қазақстандағы «Интерньюс» тренингтерінің алғашқы қатысушыларының бірі. Өзінің кәсіби еңбек жолында шетелде «Саяси PR», «Интернет жобалар менеджменті» атты оқу курстарынан өткен.

Қазіргі таңда «Интерньюс Нетворк» Халықаралық ұйымының Өкілдігінде қызмет атқарады, ол «ТВ-обмен» жобасының жетекшісі. Сондай-ақ Орталық Азия елдері мен Қазақстанның аймақтық телеарналарында жаттықтырушы ретінде жұмыс атқарады.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}