Ольга Викторовна Вербовая
Үлгі:Ғалым Ольга Викторовна Вербовая — заң ғылымының докторы (2009).
Өмірбаяны, еңбек жолы
1960 жылы 3 сәуірде Қостанай облысы, Қостанай ауданы, қазіргі Тобыл қаласында туған.
ҚазМУ-ды (1983, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) бітірген.
Қостанай облыстық атқару комитетінің жанынан құрылған Мемлекеттік арбитражда (1977-78), Алматы қалалық прокуратурасында (1983-84), Алматы қаласы жəне Алматы облысы бойынша ҚазКСР Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті басқармасында (1984-92), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті басқармасында (1992-96, Алматы қаласы бойынша), ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті институтында (1996-99), 1999 жылдан ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясында қызметтер атқарды.
Ғылыми бағыты, еңбектері
Негізгі ғылыми бағыты – қылмыстық құқық, криминология проблемаларын зерттеуге арналған. Докторлық диссертациясын жабық тақырып бойынша қорғаған.
60-тан астам ғылыми жарияланымның авторы.
Марапаттары
- "ІІ дəрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі (2007);
- "КСРО Қарулы күштеріне 70 жыл мерейтойлық медалі" (1988);
- "Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін медалі" (2008);
- "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері медалі" (2009);
- "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі" (2011).<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>