Ольга Борисовна Шаньгина

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шаньгина Ольга Борисовна. 1968 жылы 12 маусымда Алматы қаласында туған. Орыс. Әкесі - Шаньгин Борис Михайлович, зейнеткер, айдаушы болған. Анасы - Шаньгина Руфина Михайловна, зейнеткер, оқытушы болған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының көркем-сурет және графика факультетін бітірген (1990), кескіндеме, сурет, сызу, еңбекке баулу пәндерінің оқытушысы. Станокты кескіндеме жанрында жұмыс істейді. «Батысжелі» (2001), «Түс кеңістігі» (2008), «Тормен натюрморт» (2008) жұмыстарының; «Кешкі айналыс» диптихының (2004); «Ақ тұңғиық» (1998), «Күзгі әткеншек» (2002), «Қыс» (2004), «Күзгі карталар» серияларының (2007) авторы. Мәскеу қаласы Кафедралық соборында және көркемсурет галереясында болған топтық көрмеге (1992), ККД (1993) қатысты. «Ұлар» галереясында (1998), «Орхон» заманауи өнер галереясында (2000), Көркемсуреткөрмелері мен аукциондар дирекциясында (2009); «Өңдегі түстер» көрмесін (Ә. Қастеев атындағы МӨМ, 2008) жеке көрмелерін өткізді. Жұмыстары Корея, АҚШ, Германия, Бельгия, Израиль,Түркия, Қытай, Нидерланд, Норвегия, Ресей, Қазақстан елдерінің жеке коллекцияларында сақталуда. Қазақстандық өнер апталығында «Профи» номинациясы бойынша 1 және 3 орындарды иеленді. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - У. Черчилль. Хоббиі - интерьерьдің дизайны. Тұрмыс құрған. Жұбайы - Верзун Сергей Васильевич(1968 жылы туған), суретші-дизайнер. Ұлдары - Верзун Борис Сергеевич (1986 жылы туған), Верзун Марк Сергеевич (1994 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub