Ольга Андреевна Лубенец

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ольга Андреевна Лубенец (1919-1996), педиатр дәрігер, Социалистік Еңбек Ері (1969), ҚазКСР-інің еңбек сіңірген дәрігері (1964). Мәскеу медицина институтын бітірген (1941). 1941-45 ж. Ульянов ауданының Семізбұғы кеніші жанындағы учаскелік аурухананың меңгерушісі болды. 1946-48 ж. балалар консультациясында, 1948-1953 ж. қалалық балалар ауруханасындадәрігер, 1953-54 ж. облыстық балалар ауруханасының ординатор-дәрігері, 1954-1971 ж. бас дәрігері, 1971-1985 ж. дәрігер-физиотерапевті болып істеді. Лубенец облыста денсаулық сақтау ісін дамытуға үлкен үлес қосты. Ленин орденімен марапатталған.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}