Олжабай Кәйкенұлы Жармақин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Олжабай Кәйкенұлы Жармақин (28. 1. 1935 жылы туған, Павлодар облысы, Краснокутск ауданы) — тіл білімі маманы, филология ғылыми кандидаты, доцент. Алматы шет тілдер институтын бітірген (1956). Қазіргі уақытта Павлодар педагогикалық институтының шет тілдер кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарып жүр. Профессор Т. Қордабаевтың жетекшілігімен "Қазіргі қазақ тіліндегі бұйрықты сөз тіркестері" деген тақырыпта кандидаттық диссертацияны қорғады. 10-нан аса ғылыми мақалалардың авторы. Қазақ тілінің фразеологиясы мәселелерімен айналысып жүр.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}