Олег Николаевич Сосковец

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Олег Николаевич Сосковец (1949 ж. т.), инженер - металлург, техника ғылымдарының докторы, профессор. Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы зауыт— ЖТОО- ны бітірген (1971). Қарағанды металлургия комбинатында вальцовщиктен цех бастығы, бас директоры сияқты жолдан өтеді. 1991 ж. КСРО қара металлургия министірі болып тағайындалады. 1992 ж. ҚР Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары — өнеркәсіп министрі, ал 1993 - 1996 ж. Ресей Федерациясы Үкіметі — Министрлер Кеңесі төрагасының 1-орынбасары. 1996 жылдан Ресейдің қаржы-өнеркәсіп қауымдастығының президенті. Қауымдастық ТМД елдеріндегі интефациялық процестерді жеделдетуде белсенді рөл атқарады. 2002 жылдан ЕурАзЭС-тің скерлік кеңесі қа уым дастығы үйлестіру кеңесінің төрағасы қызметіне сайланды. Бұл ұйым Еуразия экономикалық кеңістігінде шаруашылық байланыстарын қалпына келтіру және ынтымақтастықты дамытумен айналысады. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталғ ан. 1989 ж. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}