Олег Николаевич Каравайчук

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Музыкант Олег Николаевич Каравайчук Үлгі:Lang-ru (28 желтоқсан 1927 жылы Киев - 13 маусым 2016 жылы Санкт-Петербург) — кеңес және ресей композиторы, көптеген фильмдерге және қойылымдарға арналған музыкалардың авторы. Ең жақсы жұмыстарының ішінде — «Анам тұрмысқа шықты», «Монолог», «Шеберлер қаласы», «Аяқ» фильмдеріне жазған өлеңдері. Екі компакт-диск шығарылды — «Вальстер мен антракттер» және «Concerto Grosso» DVD «Гогольдің қолы».

Өмірбаяны

1927 жылдың 28 желтоқсанында Киевте скрипкашының отбасында дүниеге келген, Олег екі жаста болғанда ол скрипкашыны тұтқынға алған. Кішкентай кезінен бастап музыка жазған. 7 жасында ол Иосиф Сталиннің көзінше ойнап берген. Болашақта бұл кезең оның әкесін лагерьлерден құтқарды.

Ленинград консерваториясының фортепиано классы бойынша музыкалық училищесін 1945 жылы аяқтаған. 1943 жылдың наурыз айында Ташкентте консерваторияның 80-жылдық мерейтойын тойлаған кезде жас музыканттар концертіне қатысқан. 1945—1951 жылдары Ленинград мемлекеттік консерваториясында оқыған (қазіргі Н. А. Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік консерваториясы) фортепиано классы бойынша (педагогы Самарий Савшинский).

1953 жылдан бастап кинода жұмыс істейді, бірақ оның өзінің айтуы бойынша, кинода ол КГБ тиым салмаған жалғыз шығармашылық түрі болғасын ғана істеді.

Композиторды ылғи мифтер қоршайтын, бірақ1950-жылдар мен 1960-жалдырдың басында ол жаңа стилде шығармалар жаза бастайды. Осылайша, Лахта саяжайында 1950-жылдары тұрып, Ленинград қаласының қыздарына көз салды, олар да сол жерде, оған жақын жерде тұратын.

1960-жылдардың басында оның алғашқы және жалғыз көпшілік алдында Ленинград Концерт залында сөйлеуі болды, бірақ ол жанжалмен аяқталды. Сол себептіі ол сахна төріне екі онжылдықтан соң ғана шыға алды.— 1984 жылдың 25 сәуірі. Ол сахна әртіс К. С. Станиславскийдің үйі болды. (Невский көшесі., 86), ал аудиториясы — ленинград театрлерінің әртістері болған екен. Бұл жолы Олег Николаевич өзінің виртуоздық пианист рөлін жақсы сомдады —М. Мусоргский мен Бетховен әндерін орындады.

Қазіргі кез

Қазіргі кезде Каравайчук кейде Петербургте саханға шығады, бірақ қаражат тапшылығы қиындықтарына қарамастан, барлық коммерциялық жобалардан бас тартады. Каравайчук кейде перформанстарға қатысады, онда өзінің музыкасын синтездейді, классикалық және қазіргі заманғы балет, поэзия және видео. Композитор айтады, оның арманы тек музыка, өз музыкасы бағытында қызмет жасау дейді. Оның шығармаларының басты бағыттары— импровизациялық шығарма: көрермендердің көзінше ол рояльге отырып, ойнап бара жатып шығармалар шығарады. Петербургтің екі үлкен театрлары: «Александринский» және МДТ — «Европа театры» композитордың арнайы жазылған музыкаларын : «Изотов» және «Бесы» қойылымдарында пайдаланады.

Қазіргі кезде ол Санкт-Петербургтегі Комарово қала маңында, әке-шешесінің саяжайында тұрады.

Сыйлықтар

  • 2002 —«Алтын бұқа» сыйлығы «Қара түн» фильміне ең жақсы музыка жазғаны үшін берілген (2001, О. Ковалов режиссёрі).
  • 2009 —Сергей Курёхин сыйлығы «Қазіргі заманғы өнерді дамытқаны үшін»,
  • 2010 — «Дала қасқыры» «Нечто» категориясындағы сыйлық номинациясы.