Олег Владимирович Щелоков
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Щелоков Олег Владимирович (23.1.1953 ж.т., Батыс Қазақстан облысы Орал қ.) – тарих ғылыьының докторы (1995), профессор Орал педагогика институтын (1975, қазіргі Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті) бітірген. Осы институтта доцент (1978–92), Қазан университетінің аспиранты (1972–82), Мәскеу университетінің докторанты (1992–95). 1995 жылдан Самара мемлекеттік аэроғарыш университетінің профессоры, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. 40-тан астам ғылыми жарияланымның авторы. <ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>