Оймаша мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұнай кен орны

Оймаша мұнай кен орны - Ақтау қаласынан (Маңғыстау облысы) оңтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде. Іздестіру жұмыстары 1965 жылы басталып, 1980 жылы кен орны ашылды.

Геологиялық құрылымы

Ол субкеңдіктік созылымның брахиантиклиналдық қатпарына жатады. Кен орнының ашық қимасында палеозой, мезозой, кайнозой жыныстары бар. Ортаңғы палеозойдың (морулы гранитоидтар) мұнайлылығы 9, 10, 12-ұңғымаларда анықталған. 12-ұңғымада 3752-3720 м аралығын сынақтан өткізуде мұнай атқыны алынды. Бастапқы қабат қысымы 47,6 МПа, температурасы 163°С, тығыздығы 0,834 г/см3.

Құрамы, қанығуы

Мұнай құрамы аз күкіртті, парафинді (13,3%), аз мөлшерде асфальтені бар шайырлы (2,6%). Мұнайға қаныққан қалыңдығы 96,1 м. Резервуар типі бойынша шоғыр массивті. Триасты түзілімдердің өнеркәсіптік мұнайлылығы туф және туфит қабатты карбонатты қалыңдықта анықталған. Өнімді қабаттардың тиімді қалыңдығы 28,4 м, мұнайға қаныққан қалыңдығы 18,2 м. Шоғыр биіктігі 70 м, типі қабатты, дөңесті. Бастапқы қабат қысымы 44,1 МПа, температурасы 144ӘС, тығыздығы 0,837 г/см3. Мұнайы аз күкіртті, парафинді (11,7%), аз мөлшерде шайыр (3,6%) және асфальтен (1,4%) бар. Төменгі юра түзілімдерінің мұнай газдылығы литолиз құмтасты, алевролиттер және саз қабаттармен алмасатын Ю-XІІІ горизонт табанына жатқызылатын резервуарға байланысты. Өнімді қабат 3142-3146 м аралығында. Триас және ортаңғы палеозой гранитінің мұнайындағы еріген газ ауыр, этанды метан (61 – 65,4%), ауыр көмірсутектер (28,1 – 32,3%), азот (3,5 – 4,5%), көмір қышқыл газ (2 – 3%). <ref>Қазақ энциклопедиясы – 7 - том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер