Объектілерді ендіру және байланыстыру технологиясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Cleanup Объектілерді ендіру және байланыстыру технологиясы (Технология связывания и внедрения объектов; object linking and embedding (OLE)Microsoft фирмасы жасаған қолданбалы программалар арасында объектілер алмасу технологиясы. OLE технологиясы бойынша құрамалы құжатпен байланысқан объектілер сол құжат құрамында сақталмай, ондағы сілтеме арқылы ғана түпнұсқадағы объектімен байланысып тұрады. Егер байланыстағы объект өзгертілсе, құжаттағы оның бейнесі де өзгереді. Құжаттағы сілтемені пайдалану объект орналасқан негізгі программаны іске қосады. OLE технологиясы мәтін, графика, дыбыс және т.б. объектілермен жабдықталған құрамалы құжаттар жасауға мүмкіндік береді.

OLE 2.0 (Object Linking and Embedding – объектілерді байланыстыру және ендіру) – қосымша бағдарламалардың интеграциясының ережелерін сипаттайтын стандарт. Басқа қосымшалардың мүмкіндіктерін қолдану үшін қажет. OLE 2.0 берілген технологияны қолдайтын бірнеше қосымшалар арқылы объектілерді анықтау және бірігіп қолдану үшін қолданылады. Мысалға, Access ортасында Excel кестесін және оның диаграмма құру немесе Access-пен дайындалған деректерді қолдану сияқты қуатты құралдарын пайдануды, Word мәтіндік редакторында құрылған есеп берулерді жатқызуға болады (объектіні байланыстыру және қосу). OLE Automation (OLE-ні аутоматтандыру) – бағдарламалық жолмен қасиеттерді орнатуға және басқа қосымшаның объектілеріне арналған командаларды беруге мүмкіндік беретін OLE компоненті. Бағдарламадан шығусыз-ақ немесе басқа терезеге көшпей-ақ қажетті қосымшаның мүмкіндігін пайдалануға мүмкіндік береді. Басқа қолданбалы бағдарламаларға өзінің объектілерін қолдануға мүмкіндік беретін қосымша OLE-сервер деп аталады. OLE-серверлерінің объектілерін басқара алатын қосымша OLE-контроллер немесе OLE клиент деп аталады. Қарастырылған бағдарламалық құралдардың ішінен OLE сервер ретінде Microsoft Access-ті алуға болады. Microsoft Excel, Word және Graph... Microsoft Visual FoxPro 3.0 және 5.0 тек OLE клиент түрінде ғана бола алады.

Тіркемелер де деректерді тиімдірек сақтайды. Access бағдарламасының бұрынғы нұсқалары суреттер мен құжаттарды сақтау үшін OLE деп аталатын технологияны қолданған. Әдепкіде, OLE технологиясы суреттің немесе құжаттың нүктелік кескінін жасайды. Сол нүктелік кескін файлдары үлкен болуы мүмкін , яғни бастапқы файлдан 10 есеге дейін үлкен болуы мүмкін. Дерекқордан сурет немесе құжатты қарағанда, OLE технологиясы бастапқы файлды емес, нүктелік кескінді көрсетеді. Тіркемелерді қолдану арқылы басты бағдарламаларда құжаттарды және басқа сурет емес файлдарды ашасыз, сонда Access бағдарламасының ішінде сол файлдарды іздеуге және өңдеуге болады.

Сонымен бірге, OLE технологиясы жұмыс істеу үшін OLE серверлері деп аталатын бағдарламаны қажет етеді. Мысалы, егер Access дерекқорында JPEG пішіміндегі сурет файлдарын сақтасаңыз, сол дерекқорды іске қосатын әр компьютер JPEG суреттеріне арналған OLE сервері ретінде тіркелетін басқа бағдарламаларды қажет етеді. Керісінше, Office Access 2007 бағдарламасы ешбір қолдау көрсетілетін суреттерді бұрынғы пішімдерде тіркелген файлдарды сақтайды, сондықтан дерекқордан суреттерді қарап шығу үшін қосымша бағдарламалық құралды орнатудың қажеті жоқ.

<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған, түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Объектілерді ендіру және байланыстыру технологиясы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}