Облыстық медицина орталығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Облыстық медицина орталығы – медициналық қызмет көрсету мекемесі. Орталық Қызылорда қаласында 83,9 мың км² жерді қамтып, 15,5 га аумақта орналасқан. София (Болғария) жобалау институтының архитекторлары жасаған жобасымен, «Казахболгарстрой» мекемесі 1992 жылы салып бастаған. Оның құрамында 6 диагностикалық аурухана, 2 клиникалық кеңес беру бөлімі (ересектер мен балаларға арналған), ұйымдастыру, тексеру бөлімі, рентген сәулесімен анықтау және компьютерлік тамография бөлімі, т.б. жұмыс істейді. Орталықта 660 төсектік 1200-ге дейін қабылдау бөлімі, 250 орындық пансионат, емхана қызметкерлеріне арналған 400 баспана, 50 орынды балалар бақшасы, т.б. бар. Емхана құрылысына қажетті қаржы 1992 жылдың 25 наурызындағы ҚР Министрлер кабинетінің «Арал өңірінде тұратын тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайын жақсарту шаралары туралы» 280-қаулысы мен 1995 жылғы 25 қаңтарындағы «Қызылорда қаласындағы көпсалалы аурухана құрылысына қаржы бөлу туралы» 78-қаулылары негізінде бөлінді. 1998 жылы 18 желтоқсанда Облыстық медицина орталығы ашылып, құрылысы 2001 жылы бітті. Жыл сайын аурухананың емдеу бөлімдерінде 24 – 25 мыңға жуық науқас емделіп, 8 – 9 мың адамға консультативтік көмек көрсетіледі. Орталықта 135 жоғарғы білімді (оның 78-і жоғары санатты) дәрігер, 355 медбикелер қызмет істеуде.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Облыстық медицина орталығы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}