Н. И. Пирогов атындағы Ресей мемлекеттік медициналық университеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Университет Н. И. Пирогов атындағы Ресей мемлекеттік медициналық университеті - Ресейдегі ең үлкен медициналық университет. Еуропадағы ең үлкен медициналық университеттердің бірі. Студенттердің жалпы саны - 9000 адам. РММУ-да 115 оқыту кафедрасы бар. Профессорлық-ағарту мамандарының жалпы саны - 1205 адам. Университет интернатурасында жылына 200 адам білім алады. Университет ординатурасында 700-ден астам ординатор 36 мамандық бойынша 72 кафедрада білімін шыңдауда. Аспирантурада (сырттай және іштей) 550 студент 36 мамандық бойынша 90 кафедрада білім алуда.

Тарихы

Университет тарихы 1906 жылдан басталады. Осы жылы Мәскеу әйелдер курсында медицина факультеті ашылған болатын. Кейінірек курстар Екінші Мәскеу мемлекеттік университеті деген атаумен қайта құрылды, ал 1930 жылы факультет бөлініп шығып, Екінші Мәскеу мемлекеттік медициналық институт болып ашылды. 1946 - 1956 жылдар аралығында И. В. Сталиннің атында болды. 1956 жылы жоғарғы оқу орнына әйгілі орыс хирургі, анатомы Н. И. Пироговтың аты берілді. 1966 жылы 28-қарашада институттың алпыс жылдық мерейтойына орай, КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының қаулысымен институтқа Ленин ордені берілді.

1991 жылдың 5-қарашасында Н. И. Пирогов атындағы Екінші Мәскеу мемлекеттік медициналық институты атауы Ресей мемлекеттік медициналық университеті атауына өзгертілді.

2010 жылы Н. И. Пироговтың 200 жылдық мерейтойына орай оның есімі университетке қайта берілді.

Осы жылы университет Ресейдегі ерекше мәртебе -Ұлттық Зерттеу университеті мәртебесіне ие болды.

Рейтингі

2014 жылы "Эксперт РА" агенттігі университетті Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы ең үздік университеттер құрамына қосып, түлектерінің білім сапасына "D" (жақсы) бағасын берді.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер