Нәсіпқали Әбугалиұлы Марабаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Нәсіпқали Әбугалиұлы Марабаев (1937, Атырау қаласы – 2007, Ақтау қаласы) – инженер, партия, кеңес қызметкері.
- Мәскеу мұнай институтын (1959),
- КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген (1987).
- 1959 – 1980 жылы бұрғышы, аға инженер, Өзен бұрғылау-пайдалану кеңсесінің директоры, бұрғылау жұмыстары басқармасының бастығы, «Маңғышлақмұнай» бас директорының орынбасары,
- 1980 – 1988 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК-нің ұйымдық-кадрлар жұмысы жөніндегі бөлімнің инспекторы,
- 1990 – 1995 жылдары Маңғыстау облысы аткомның төрағасы, «Маңғыстау мұнайдың» бас директор қызметтерін атқарды.
- 1995 – 2007 жылдары ҚР Мұнайгаз өнеркәсібі министрінің, кейін «Қазақойл» мұнай компаниясы президентінің кеңесшісі. Маңғыстау облысының ардагерлер кеңесінің төрағасы, облыс әкімінің кеңесшісі болған.
- 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
- Республикалық «Мұнайшы» қоры Марабаев атымен (2007) аталады.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>
Дереккөздер
<references/>