Нәкен Қойшыұлы Қырықбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Футболшы

Нәкен Қойшыұлы Қырықбаев (29 қыркүйек 1975<ref>http://footballfacts.ru/players/340603-kyrykbaev-naken-kojshievich</ref> — 5 сәуір 2015) — қазақ футболшысы, қақпашы, футбол жаттықтырушысы.

Карьерасы

Үлкен футболдағы карьерасын 1993 жылы "Намыс" футбол клубының сапында бастаған. 1994-2008 жылдар аралығында ол еліміздің жеті клубының сапында өнер көрсетті – "Қайрат", "Қайнар", "Қайрат-2", "Тараз", "Восток", "Қайсар" және "Жамбыл".

2012 жылдан бастап бапкерлік қызметке ауысып, бірінші лигадағы үш клубтың қақпашыларын жаттықтырды – "Лашын", "Гефест" және "Мақтаарал".

Нәкен Қырықбаев – спорт шебері. Қазақстан ұлттық құрамасының сапына ілігіп, үш ойын өткізген.

Ол "Тараз" клубының тарихында пенальти тойтарудан рекорд жасаған. Оның бұл рекорды әлі жаңартылған жоқ.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер

Үлгі:Бастама