Нәйля Кіребаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нәйля Кіребаева - 1983 жылы 13 қазанда туған. Қазақ. А.В. Сeлезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесін үздік бітірген (2001). 2001 жылдан бері - Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет төатры балетінің жетекші жеке орындаушысы. Келесі партияларды орындайды: Одетта - Одиллия (П.И. Чайковскийдің «Аққу көлі»); Зарема (Б. Асафьевтің «Бақшасарай фонтаны»), Pas-des-deux (Л. Минкустың «Пахита»), Фея Сирени (П.И. Чайковскийдің «Үйқыдағы сұлу»), Мирта (А. Аданның «Жизель»), Апғашқы әйел («РЕ уақыты», еуропа сазгерлерінің музыкасы), Сүйікті әйел (Д. Шостаковичтің «Чарли»), Кармөн (Ж. Бизе - Р Щедриннің «Кармен-сюита» балеті). Халықаралық балет әртістері сайысына (Нью-Йорк, 2005); Рождестволық жас орындаушылар байқауына (Сеул, 2005) қатысқан.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Bio-stub