Нәзира Бәдретдинқызы Ахматуллина

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ахматуллина Нәзира Бәдретдинқызы (1930, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Степняк қ.) — ғалым, биология ғылымдарының докторы (1985), профессор (1991), Қазақстан ғылым академиясының академигі (2003). Халықаралық дәрігерлер ассоциациясының мүшесі (1999).

Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген (1954). Қазақстан ғылым академиясының Микробиология және вирусология институтында кіші, аға ғылыми қызметкер (1958—73), зертхана меңгерушісі (1973—95) болды. 1995 жылдан ҚР Ұлттық ғылым академиясының Жалпы генетика және цитология институтында зертхана меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектері молекулалық генетика мәселелерін, Қазақстанда полиомиелит ауруын жою және онымен күресу жолдарын зерттеуге арналған. А. адамның тұқым қуалау және өзгергіштік қасиетіне қоршаған ортаны радиациялық, химиялық және биогенді ластағыштардың әсерін, мутант вирустарды сұрыптау әдісін қарастырып, вирус бөлінуін тездететін жаңа тәсіл ұсынды, грипп миксовирустарының биологиясын зерттеді (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, 1974). Есімі Қазақстанның «Алтын кітабына» енгізілген (1981). А. 200-ден астам ғылыми мақаланың, 8 монографияның авторы.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтеме

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Нәзира Бәдретдинқызы Ахматуллина|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}