Нәдірбай Жылқышыұлы Қыдыр
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Нәдірбай Жылқышыұлы Қыдыр<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref> (1932 жылы туған, Ақтөбе облысы,Байғанин ауданы, Қызыләскер ауылы) – журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі (1968). ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1958). 1958 – 73 жылдары Ақтөбе облысы «Социалистік жол», өлкелік «Батыс Қазақстан» және облысы «Коммунизм жолы» газеттерінде әдеби қызметкер, жауапты хатшының орынбасары, 1973 жылы Маңғыстау облысы құрылғанда облыстық «Коммунистік жол» (қазіргі «Маңғыстау») газетінің тұңғыш санын шығарды, содан 1992 жылға дейін газеттің жауапты хатшысы, 1993 – 98 жылдары Қарақия ауданы «Түлеген түбек» газетінде жауапты хатшы қызметін атқарды. «Тегіңді білсең түгелсің» (2004) атты кітаптың авторы.
Дереккөздер
<references/>