Нұғыман Молыбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұғыман Молыбаев (1906, Қазалы ауданы – 11.9.1975, Қармақшы ауылы) – ақын, жырау. Ауылдық мектепте арабша оқып, сауатын ашқан. 14 жасынан «бала жырау» атанған. 1943 – 47 жылдары Н.Бекежанов басқарған өнер бригадасы құрамында болды. Өлеңдері әр түрлі жинақтарда, мерзімді баспасөздерде жарияланған. Аудандық, облыстық, республиклық ақындар айтысына қатысқан. Балқы Базарға арнаған бірнеше өлеңдері бар. Молыбаевтың шығармалары «Қазақтың қазіргі халық поэзиясы» (1973), «Халық поэзиясы және бүгінгі өмір» (1976), «Ақын-жыраулар» (1979), «Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы» кітаптарына енген. Ол Б.Өтепов, М.Жүсіпов, К.Алдоңғаров, Ж.Аралбаевтармен (1943, 1969) айтысқа түскен. Бірнеше Сыр елі жырауларының мақамдарын дыбыс таспасына түсірген. Молыбаев ел аузындағы халқымыздың әдеби мұрасын жинауға көп үлес қосты.

Сілтемелер

"Сыр елі энциклопедиясы"

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Нұғыман Молыбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}