Нұрқасым Қазыбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұрқасым Қазыбеков (1 мамыр 1936 жылы туған, ҚХР Іле Қазақ автономиялық облысы, Текес ауданы) — жазушы.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1975). 1957 жылы Құлжа педагогикалық училищесін, 1968 жылы ҚазМУ-ді бітірген. 1962 жылы тарихи отанына оралған соң Райымбек ауданындағы Таушелек орман шаруашылығы мекемесінде, "Жазушы" баспасында (1969) жұмыс істеді. 1969-82 жылдары "Жалын" альманағында, "Жалын" баспасында редактор. 1987-90 жылдары Жазушылар одағында әдеби кеңесші. 1991-1993 жылдары "Заман—Қазақстан" газетінде, 1993 жылдан "Түркістан" газетінде қызмет істеді.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Шығармалары:

  • "Тұсаукесер" (1974),
  • "Шалғайдағы мектеп" (1974),
  • "Бейтаныс" (1978),
  • "Ағайын" (1982),
  • "Ауылдағы ағайындар" (1988),
  • "Ой таразысы" (1991),
  • "Дала өрнектері" (1994),
  • "Алтын Орданың құрылуынан құлауына дейін" (1998), т.б.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}