Нұрғожа Қыдырханұлы Чиняев
Нұрғожа Қыдырханұлы Чиняев 1950 жылы 4 мамырда Түрікмен КСР Марый облысы Мургаб ауданының Сухты-1 ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Чиняев Қыдырхан (1924-1977), сот органдарында қызмет еткен, ҚазКСР еңбек сіңірген заңгері. Анасы - Чиняева Асыл (1930 жылы туған), зейнеткер. М. Горький атындағы Түрікмен мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1974), заңгер. Қазақ, орыс және түрікмен тілдерін біледі. 1974 жылдан - Ашхабад облыстық атқару комитетінің әділет бөлімінің аға консультанты. 1975 жылдан - Ашхабад қаласы Совет аудандық халық сотының судьясы қызметіне сынақ мерзімінен өтуші, Ашхабад облыстық сотының судьясы қызметіне сынақ мерзімінен өтуші. 1976 жылдан - Ашхабад облыстық сотының мүшесі. 1978 жылдан - Марый облыстық сотының мүшесі. 1986 жылдан - Марый облысы прокурорының көмекшісі, қылмыстық істердің соттарда қаралуын қадағалау жөніндегі аға көмекшісі. 1988 жылдан - Түркімен КСР прокуратурасының қылмыстық істердің соттарда қаралуын қадағалау бөлімінің аға прокуроры. 1990 жылдан - Түрікмен КСР прокуратурасының қылмыстық істердің соттарда қаралуын қадағалау жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары, 2-ші бөлімнің бастығы. 1992 жылдан - Түрікмен КСР Бас прокуратурасының Сот қаулыларының заңдылығын қадағалау жөніндегі басқармасының 2-ші бөлімінің прокуроры; ҚР Бас прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау басқармасының бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары. 1995 жылдан - Маңғыстау облыстық сотының төрағасы. 2002 жылдан - Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы. 2007 жылдан - Жамбыл облыстық сотының төрағасы. 2010 жылдың қарашасынан бері - Атырау облысы апелляциялық сот алқасының төрағасы. «Құрмет» орденімен (2005), «Астана» (1999); «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен; ҚР Судьялар одағының «Үш би» құрмет белгісімен; «Қазақстан мұнайына 100 жыл» төс белгісімен; көптеген құрмет грамоталарымен және мадақтауларымен марапатталған.
- Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Ш. де Голль.
- Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Оптимистік».
- Хоббиі - қазақтардың тарихы.
- Сүйіп оқитын әдебиеті - «Уақыт жоқ». *Үйленген. Жұбайы - Чиняева Сәуле (1952 жылы туған), бұрын
прокуратура және нотариат органдарында қызмет еткен. Ұлдары - Нұржан (1974 жылы туған), Ағарыс (1985 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikify