Нұрғасыр мешіті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұрғасыр мешіті - Ақтөбе қаласында орналасқан Орталық Облыстық мешіт. Мешіттің құрылысы 2006 жылдың сәуірінен басталып, 2008 жылдың қыркүйегінде аяқталды. Сол жылы ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тұсауын кесуімен қатарға қосылды. Қазір ол Ақтөбе қаласының көрікті жерлерінің бірі болып табылады. Нұрғасыр мешітінің бас имамы Әбдімүтәліп Дәуренбеков.