Нұртілеу Бертайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұртілеу Бертайұлы (11.5.1938 жылы Алматы облысы Шелек ауданы Бартогай ауылы) тележурналист <ref>Қазақ Телевизиясы. Энциклопедия. Алматы: "ҚазАқпарат" 2009, 1-т: 640 бет, ISBN №978-601-03-0070-5</ref>.

ҚазМУ-ні бітірген (1968 жылы). Университеттің соңғы курсында оқып жүріп Қазақ радиосының "Ауыл өмірі" редакциясына редакторлық жұмысқа орналасады. Кейін телерадио к-т жанындағы "Хаттар және социология" бөліміне аға редакторлық жұмысқа ауысты. 1975-1987 жылдары Қазақ ССР Ағаш және ағаш өңдеу Министрінің көмекшісі, осы салаға қарасты демалыс аймағының директоры болып жұмыс істеді. 1987 жылы Қазақ теледидарының ауылшаруашылығы хабарларына арналған "Серпін" бағдарламасына қатардағы редакторлықтан редакция бастығы қызметіне дейін көтерілді.

Жетісулық қаламгер Н. Бертайұлының тағдыры ауыл өмірімен тығыз байланысты. Кезінде Ақтөбе аймағындағы балығы барымтаға түскен Қызылкөлдің сұлулығы мен байлығын қорғап қалу жолында өтімді де өткір хабарлар жасады. Оның "Кағажу қалған ауылдар", "Ауыл ажары", "Судың да сұрауы бар" (1988-1992), "Қалың қалай, шаруа?", "Әкіммен әңгіме" (1994-1997 жылдары) атты телехабарлар циклі осы жылдар ішіндегі еліміздің ауыл шаруашылығын насихаттаута сіңірген еңбегінің айғағы.

Кезінде ел назарына іліккен егін орағына арналған "Ақ бидай" мен "Егінжай" телебағдарламаларын (1990-1994 жылдары) әзірлеуде де өзіндік қолтаңбасы бар. Ауыл өмірін, ауыл шаруашылығының өзекті мәселелерін насихаттауда мол тәжірибе жинақтаған Н. Бертайұлы 1995 жылы республикалық теледидардың Алматы облысындағы меншікті тілшісі болып тағайындалды. Осы мерзімде республикалық шаруалар қожалығы ассоциациясының "Фермер-информ" баспасөз орталығының директоры қызметін қатар аткарды. Оның отыз жылға жуық қаламынан туындаған шығармаларының ішіндегі шоқтығы биік тұратыны "Жер иесі" авторлық бағдарламасы. "Жер иесі" атты өлеңдер жинағы жарық көрді (2008 жылы). Алматы облысы Еңбекші Қазақ ауданының Құрметті азаматы. Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}