Нұртаза Ералин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұртаза Ералин (1882/87, бұрынғы Қостанай уезі, Аманқарағай болысы, 9-ауылы – 1938) – қайраткер, саяси қуғын-сүргін құрбаны. 1910 жылы Орынбордағы орыс-қазақ мұғалімдер мектебін бітірген. 1910 – 19 жылдары Құртоғай ауылдық мектебінің, Пешков 1-сыныпты училищесінің, Қостанай 2-сыныпты мектебінің мұғалімі болып істеді. 1919 – 24 жылдары Қостанай уездік халық ағарту бөлімінің нұсқаушы-ұйымдастырушысы, азық-түлік комиссарының орынбасары, үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, атқару коммитетінің жауапты хатшысы болды. 1924 жылдың қыркүйегінен қарашасына дейін Қазақ АКСРәділет халық комиссары, 1925 – 37 жылдары Орынбордағы өлкелік кеңес партия мектебінің лекторы, Қазақ мемлекеттік сауда конторы уәкілінің орынбасары, Қазақ астық сауда басқармасының басқарушысы, “Ақтөбехимқұрылыс” бастығының орынбасары, Қазақ өлкелік мүгедектер кооперациясы одағы басқармасының төрағасы, Шу ауданы атқару коммитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. 1938 жылы ату жазасына кесілген. 1960 жылы қаңтар айында ақталды. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Нұртаза Ералин|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}