Нұрсәт Бейсеқожа

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұрсәт Бейсеқожа (13.4. 1986. Алматы қаласы) — композитор. Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның соңғы курсында (2009).

2009 жылы қаңтар айынан бастап Қазақстан ұлттық телеарнасында Н.Бейсекожаның Көпішілік консерваториясы атты авторлық жобасы бойынша хабарлар циклы түсіріле бастады.

Көпшілік консерваториясы жобасында: Ахмет Жұбанов, Ғазиза Жұбанова, Евгений Брусиловский, Мұқан Төлебаев, Латиф Хамиди, Сыдық Мұхамеджанов, Қапан Мусин, Құдыс Қожамияров, Нұрғиса Тілендиев, Бақытжан Байқадамов, Мансұр Сағатов, Еркеғали Рахмадиев, Базарбай Жұманиязов, Мыңжасар Маңғытаев, Дүңгенбай Ботбаев, Тілес Қажығалиев, Кеңес Дүйсекеев, Төлеген Мұхамеджанов, Бейбіт Дәлденбаев, Серік Еркімбеков, Балнұр Қыдырбекова, Ақтоты Райымқұлова, Артық Токсанбаев тәрізді қазақтың кәсіби композиторларының күрделі музыкалық шығармалары жайлы түсірген қырықтан астам жеке-жеке хабарлары. Жыл бойына апта сайын эфирден беріліп қалың жұртшылықтың алғысына бөленді.

Құрманғазы атындағы Академиялық ұлт аспаптар оркестрінің орындауында Н.Бейсекожаның Аңырақай шайқасы, Еңселі елім, Төле би, Абай, т.б. отыздан астам күйлері Қазақстан ұлттық арнасы эфирінен үзбей беріліп, композитор ретінде халқымызға таныла бастады.<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}