Нұрсұлу Елубайқызы Тапалова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұрсұлу Елубайқызы Тапалова (13.9.1923, Ақтөбе облысы Ойыл ауданы - 13.11.1998, Алматы) - балет артисі, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1954). 1936 - 39 ж. Қазақ музыкалық. театры жанындағы студияда білім алды. 1936 жылдан Қазақ академиялық опера және балет театрында соло-биші болып, Дариға (И.Н. Надировтың "Көктемінде"), Зарема (Б.В. Асафьевтің "Бакшасарай фонтанында", 1942 - 43, Г.С. Улановамен бірге), испан биі (П.И. Чайковскийдің "Аққу көлінде"), т.б. балеттік партияларды биледі. Сондай-ақ, ұлттық опералардағы (Е.Г. Брусиловскийдің "Қыз Жібегі", А. Жұбанов пен Л.Хамидидің "Абайы", М.Толебаевтың "Біржан Сарасы") жеке билерді нақышына келтіре орындады. 1953 жылдан "Қазақконцерттің" солисі қызметін атқарып, эстрадалық ән-би, миниатюра жанрында еңбек етті. Киноға түскен. "Құрмет белгісі" ордендерімен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}