Нұрсұлтан Оразұлы Оңғалбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұрсұлтан Оразұлы Оңғалбаев (1887 – 1927) – белгілі партия, кеңес қайраткері. Форттағы бір кластық қазақ-орыс мектебін бітірген (1899). Содан кейін Ашғабад қаласындағы гимназияда оқыған. 1907 ж. патша өкіметіне қарсы партияға тілектестігі үшін оны гимназиядан шығарылған. Түрікмен, Әзірбайжан, татар, орыс, неміс, француз тілдерін еркін меңгерген Нұрсұлтан 1909 ж. Маңғыстауды зерттеген неміс ғалымы Карутц Рихардтың ғылыми этнографиялық экспедициясына әкесі екеуі жолбасшы әрі аудармашы-тілмаш болып ел аралайды. Кейіннен Еділ – Каспий флотында қызмет етті. 1917 жылдан кеңес органдарын құру ісіне белсене араласты. Ол уездік атқару комитеті аппаратын, комитет құрамдарын жасақтау, оған алдыңғы қатарлы қызметкерлерді тағайындауға басшылық жасап, адай ауылдарын әкімшілік аймаққа бөлуге ат салысқан. Адай ревкомының мүшесі (1921) ретінде Маңғыстаудың жер, су жағдайларын ескере отырып, Адай уезін қонысы мен шаруашылығына қарай 5 аудан, 60 болысқа жүйелеген Уездік милиция бастығы (1921), Уездік комитеттің хатшысы (1923) болып жұмыс жасаған.<ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Нұрсұлтан Оразұлы Оңғалбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}