Нұрпейіс Мақашұлы Мақашев
Үлгі:Тұлға Нұрпейіс Мақашұлы Мақашев (9 қаңтар 1946 жыл, Исатай ауданы Атырау облысы) — Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінің депутаты, экономика ғылымының кандидаты, «Қазақ түрік мұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, Құрмет орденінің иегері.
1970 жылы Ташкент темір жол көлігі инженерлері институтын бітірген<ref>[1] Мәдина ҒАБДІСӘЛІМОВА. МЕН БІЛЕТІН МАҚАШЕВ</ref>. 1972-1979 жылдары - «Гурьевмұнайхимқұрылыс» тресінің шебері, бас инженері, ҮҚК-нің бастығы. 1979-1984 жылдары - «Гурьевмұнайхимқұрылыс» тресі партия комитетінің хатшысы. 1984-1985 жылдары - Гурьев қалалық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 1985-1987 жылдары - «Гурьевмұнайхимқұрылыс» тресінің басқарушысы, облыстық агроөнеркәсіп комитетінің төрағасы. 1987-1990 жылдары - «Гурьевмұнайхимқұрылыс», «Ембімұнайқұрылыс» трестерінің бастығы. 1990-1992 жылдары - Гурьев қалалық атқару комитетінің, Халық депутаттары қалалық кеңесінің төрағасы. 1992-1993 жылдары - Гурьев қалалық әкімшілігінің басшысы. 1993-1999 жылдары - «Магденли-халықаралық тасымал» фирмасының, «АТМА-Әуежай Атырау және тасымал» акционерлік қоғамынының бас үйлестірушісі. 1999-2001 жылдары - Атырау облысы әкімінің орынбасары. 2001-2002 жылдары - «Қазақойл» ҰМК, «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ президенттерінің кеңесшісі. 2002-2004 жылдары - «Ембімұнайгаз» ААҚ-ның президенті, «ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» АҚ «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалының директоры. 2004-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және аймақтық даму жөніндегі комитетінің мүшесі қызметтерін атқарған. 2007 жылдан - «Қазақтүрікмұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры.
«Құрмет» орденімен, С.Радонежскийдің 1-ші дәрежелі медалімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалі»мен марапатталған.<ref>[2] Нұрпейіс Мақашұлы Мақашев</ref>