Нұрмахан Миятұлы Жолдасов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұрмахан Миятұлы Жолдасов - 1959 жылы 1 шілдеде Шымкент қаласында туған. Қазақ.

Хронологиясы

  • М. Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының дене шынықтыру факультетін (1990) дене тәрбиесі мүғалімі;
  • М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтының «Қаржы және несие» факультетін (2003) қаржыгер-экономист мамандықтары бойынша бітірген.
  • Қазақ және орыс тілдерін біледі.
  • «Дамудың жаңа көкжиегі», «Халықтың әл-ауқаты артады», «Ресурстарды энергиялық сақтау бойынша атқарылатын шаралар», «Бірінші орында - ТКШ мәселелері», «Телефон арқылы жедел желі», «Қаһармандарға құрмет», «Жеке қалтамен көкпар дамымайды» және тағы басқа көптеген мақалалар мен жарияланымдардың авторы.
  • «Нұр Отан» ХДП мүшесі (1996 жылдан).
  • 1977 жылдан - Шымкент қалалық сүт зауытының механигі.
  • 1978 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
  • 1980 жылдан - Шымкент темірбетон бұйымдары зауытының 3-ші, 5-ші разрядты жұмысшысы.
  • 1981 жылдан - Шымкент қаласы И.В. Мичурин атындағы №36 ОМ мұғалімі.
  • 1982 жылдан - ОҚО Сайрам ауданының Орджоникидзе атындағы №36 ОМ комсомол ұйымының хатшысы.
  • 1990 жылдан - «АвтоВазҚосымшаБөлшек» дүкенінің меңгерушісі (ОҚО, Ленгер қаласы).
  • 1993 жылдан - Шымкент қаласы «Қарабастау» LUK директоры.
  • 1996 жылдан - ОҚО Сайрам ауданы «Қаратөбе» ӨК басқармасының төрағасы.
  • 2001 жылдан - Шымкент қаласы әкімі аппаратының көлікжәне байланыс бөлімінің бастығы.
  • 2002 жылдың наурызынан - Шымкент қаласы Көлік, коммуникация және туризм басқармасының бастығы.
  • 2002 жылдың мамырынан - Шымкент қаласы әкімінің Индустрия, көлік және сауда басқармасының бастығы.
  • 2002 жылдың желтоқсанынан - ОҚО әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі.
  • 2003 жылдан - ОҚО әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары - қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі.
  • 2004 жылдан - ОҚО Бәйдібек ауданының әкімі.
  • 2006 жылдан - ОҚО Сарыағаш ауданының әкімі.
  • 2007 жылдан - ОҚО Табиғи монополияларды реттеу агенттігі басқармасының бастығы.
  • 2008 жылдың наурызынан бері - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Оңтүстік Қазақстан бойынша департаментінің директоры.
  • ОҚО бойынша Ат спорты федерациясының президенті (1995 жылдан).

Жетістіктері

Әскери атағы - запастағы майор. Діни көзқарасы - мұсылман. Хоббиі - көкпар. Үйленген. Жұбайы - Мырзабекова Нәзипа Диасқызы, үй шаруасымен айналысады. ¥лдары - Жолдасов Ержан Нұрмаханұлы, Жолдасов Нұржан Нүрмаханұлы, Жолдасов Сержан Нұрмаханұлы; қызы - Нұрмаханова Аяжан Нұрмаханқызы.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub