Нұрмаханова Қазына

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұрмаханова Қазына1937 жылдың 7 ақпанында Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген. 1954 жылы Қазалы қаласындағы орта мектепті бітірген. 1954 жылы С.М.Киров атындағы университетін тәмамдаған. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық.Алматы, "Білім" баспасы. 2005 жылы — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>. Еңбек жолын "Мектеп" баспасынан бастаған. "Қазақ тілі мен әдебиет" редакциясында редактор, аға редактор болып қызмет атқарған. Орта буын оқулықтары: орыс мектептерінің 5, 6, 7, 8-сыныптар үшін "Қазақ тілі", 5, 7, 8-сыныптарға арналған "Қазақ әдебиеті оқулықтарына редактор болған.

Бәшен Баймұратованың "Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту", "Балабақшадағы ересек балалардың тілін дамыту", "Біз мектепке барамыз" т.б. ондаған басылымдарды әзірлеуде редактор мол тәжірибесін танытты.

Кәмен Оразалиннің "Абай ауылына саяхат", Құлбек Ергобектің "Өтебай Тұрманжанов", "Сылдырап өңкей келісім", Хадиша Қожахметованың "Ғабиден Мұстафин шығармаларындағы фразеологимзмдер", "Фразеологизмдер" сөздігін, Т.Акшолақовтың "Әдеби шығырмалардың көркем компоненттерін оқыту", т.б. басылымдарды жоғары деңгейде, сапалы шығаруға атсалысты. Ол Баспасөз комитетінің грамотасымен, "Еңбек ардагері" медалімен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}