Нұрман (қыстау)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Нұрман — Нарын (Бұғылыөзек) каналының бойында орналасқан қыстау.
Географиялық орны
Атырау облысы, Исатай ауданы, Хамит Ерғалиев ауылынан солтүстік –батысқа қарай 12 км жерде орналасқан.
Сипаттамасы
Жер бедері жазық. Теңіз деңгейінен 21 м төмен жатыр. Сортаңды сұр топырақ жамылғысында жусан, бұйырғын, астық тұқымдас шөптесіндер өседі. Суы мол, мал жайылымына қолайлы. Төңірегінде Сарыбай, Қызылкөпір, Сүйін т.б.қыстаулар жатыр.<ref>Қазақстан табиғаты 4-том. «Қазақстан энциклопедиясы» Алматы, 2012 ISBN 9965-893-84-5</ref>