Нұрлан Әбжаппарұлы Жылқышиев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Нұрлан Әбжаппарұлы Жылқышиев (3.5.1953 жылы туған, Тараз қаласы) – қоғам қайраткері. Шымкент педагогикалық институтын (1978), Алматы ауыл шаруашылығы институтын (1986) бітірген. АҚШ-тың Тынық мұхиты жағалауы университетінде философия докторы ғылыми дәрежесін қорғаған (1998). 1972 – 73 жылдары Алғабас ауданы мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі. 1978 – 83 жылдары Келес ауданындағы Келес кеңшары комсомол комитетінің хатшысы, аудандық комсомол комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы, партия комитетінің бюро мүшесі, 1983 – 89 жылдары Сарыағаш ауданы Қабыланбек кеңшары партия комитетінің хатшысы, 1989 – 90 жылдары Қазақстан Компартиясы Оңтүстік Қазақстан облысы комитеті ұйымдастыру бөлімінің жауапты қызметкері. 1990 – 95 жылдары Сарыағаш ауданы «Қабыланбек» жеміс-жүзім кеңшарында директордың орынбасары, бас агроном, директор. 1995 – 97 жылдары «Қабыланбек» агрофирмасының президенті. 1997 жылдан «Қабыланбек агрошарап компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры. 2004 жылдан парламентте мәжіліс депутаты. Жылқышиев «Тың және тыңайған жерлерді игерудің 50 жылдығы» төсбелгісімен, Халықаралық ауыл шаруашылық институтының (АҚШ) дипломымен марапатталған.<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

<references /> Үлгі:Wikify Үлгі:Stub