Нұрлан Қашақбайұлы Пірімов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұрлан Қашақбайұлы Пірімов 1955 жылы 25 желтоқсанда Қызылорда облысында туған. Қазақ. Әкесі - Пірімов Қашақбай. Анасы - Қаратаева Зияда. Алматы халық шаруашылығы институтын (1980) бітірген, экономист. Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2007 жылдан). 1973 жылдан - «Қызылордаоблгаз» тресінің слесарі. 1974 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1976 жылдан - Алматы халық шаруашылығы институтыныңстуденті. 1980 жылдан - «Облтұрмысжабдықтау» тауар сатушысы, 1982 жылдан - бастығы. 1991 жылдан - облыстық экономикалық комитеттің бөлім бастығы. 1993 жылдан - Мемлекеттік антимонополиялық комитеттің Қызылорда облысы бойынша бөлімінің бастығы, төрағасының орынбасары. 1997 жылдан - Қызылорда облысы бойынша Баға және антимонополиялық саясат жөніндегі басқармасының бастығы. 1998 жылдан - Қызылорда облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті Қорғау комитетінің төрағасы. 1999 жылдан бері - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің директоры. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен; ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агент- тігінің Құрмет грамотасымен марапатталған; Антимонополиялық органның 10 жылдығы құрметіне ҚР Президентінің Апғыс хатымен ескерілген. Әскери атағы - запастағы аға сержант. Хоббиі - бильярд. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи әдебиет. Үйленген. Зайыбы - Пірімова Рахия Балмахамбетқызы. 2 баласы бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub