Нұрлан Шәдібекұлы Алдабергенов
Нұрлан Шәдібекұлы Алдабергенов (19 қараша 1962, Алматы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, 2017—2018 жылдары аралығында Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Өмірбаяны
1962 жылы 11 қарашада Алматыда дүниеге келді.
Білімі
1984 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын “құрылысшы инженер” мамандығы, 1988 жылы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтының аспирантурасын және 2005 жылы Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясын “заңгер” мамандығы бойынша тәмамдады.
Мансабы
Мансабын 1988 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтында бірінші кіші, кейін аға ғылыми қызметкер ретінде бастады.
1989—1993 жылдары аралығында Боралдай қабырға материалдары өндірістік бірлестігі бас директорының орынбасары;
1993—1994 жылдары аралығында «Алма» компаниясының бас директоры;
1994—1995 жылдары аралығында Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағындағы «Қазагромеливодхоз» жел электр станциясы басқармасының бастығы;
1995—1996 жылдары «Алма» компаниясына екінші рет бас директор болып келді.
Бұдан кейін Алдабергеновтың мансабы Алматы әкімдігінде жалғасты. Ол онда 1996—1999 жылдары қала бойынша Баға және монополияға қарсы саясат комитеті төрағасының орынбасары және 1999—2004 жылдары Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаментінің басшысы болды.
2004 жылдың қыркүйегінен бастап оның мансабы Алматы әкімдігінен Үкіметке көшті, яғни Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары, 2006 жылы жай орынбасары болды.
2007 жылы Қазақстан Үкіметінің № 1247 бұйрығымен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасы болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
2011 жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің № 2 бұйрығымен бәсекелестік бойынша және монополияға қарсы реттеу туралы басқарма мүшесі (министрі) болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>Бұл лауазымынан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің № 3 бұйрығымен 2017 жылы босатылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
2017 жылы Үкіметке қайтып келіп, онда Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
2019 жылғы наурызда Президент бұйрығымен Қазақстан Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалып, бұл қызметін шілдеге дейін атқарды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
Жеке өмірі
Үйленген, 3 баласы бар.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Марапаттары мен атақтары
- 2-дәрежелі Достық ордені;
- Құрмет ордені (2006);
- 1-дәрежелі Еуразиялық Одақты құруға сіңірген еңбегі үшін медалі (2015);<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Астанаға 20 жыл медалі (2018);<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін медалі (2019).<ref>Үлгі:Cite web</ref>