Нұрлан Телманұлы Ұранқаев
Үлгі:Wikify Нұрлан Телманұлы Ұранқаев - 1965 жылы 4 мамырда Семей қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Ұранқаев Телман Оразғалиұлы, марқұм. Анасы - Ұранқаева Тамара Сүлейменқызы, зейнеткер, физика мен математика пәндерінің оқытушысы болып жұмыс істеген. В.И. Ленин атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ политехникалық институтының металлургия факультетін (1987) инженер-механик мамандығы бойынша; Қазақ қаржы-экономика институтының экономика факультетін (2002) экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген.
- 1987 жылдан - «Қазөнеркәсіптехмонтаж» тресінің слесарь-құрастырушысы, шебері, құрастыру басқармасының жұмыстар атқарушысы.
- 1990 жылдан - «Зергер» АҚ бас директоры, президенті.
- 1995 жылдан - «Сарыарқа» АҚ сенім жүктелген басқарушысы.
- 1997 жылдан - «Сұңқар» ЖШС басқармасының төрағасы.
- 2001 жылдан -«Қазиркутскорман» БК бас директоры.
- 2003 жылдан - «Энергетика, ТКШ (ЖКХ), құрылыс және көлік басқармасы» МБ, Шығыс Қазақстан облысы «Күрделі құрылыс басқармасы» МБ басқармасының бастығы.
- 2006 жылдан - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
- 2007 жылдан - ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары.
- 2008 жылдың ақпанынан - Премьер-министр Кеңсесінің индустриалдық- инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
- 2008 жылдың қыркүйегінен - ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
- 2009 жылдан - «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары (Семей қаласы).
- 2010 жылдан бері - Кызылорда облысы әкімінің орынбасары. Қызылорда облыстық мәслихаттың 1-ші шақырылымы депутаты (өзін-өзі үсынған, 1994-1998). «Елімай» кәсіби футбол клубының Президенті. ҚР 3 мәрте чемпионы. ҚР Кубогының, ҚР Суперкубогының (1994-1999) иегері. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен марапатталған (2005).
Әскери атағы - запастағы аға лейтенант.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Жарқын болашақ».
Хоббиі - футбол.
Сүйіп оқитын әдебиеті - В. Каверин, А. Дюма.
Үйленген. Жұбайы - Ұранқаева Жанна Бекболатқызы, кәсіпкер. Ұлдары - Ұранқаев Нұржан (1987 жылы туған), студент, Телман Жандос (1994 жылы туған), оқушы; қызы – Ұранқаева Мариям (2002 жылы туған).