Нұрлан Серікұлы Байбазаров

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Нұрлан Серікұлы Байбазаров (10 қазан 1975 жыл) — қазақстандық саясаткер, экономист, 2026 жылдан бастап Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі. 2024 жылғы ақпаннан желтоқсан айына дейін Премьер-Министр орынбасары және Ұлттық экономика министрі.

Білімі

1997 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Банк ісін ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы

Еңбек жолын 1997 жылы Қаржы министрлігінің Бюджет департаментінде бастаған.

2004–2011 жылдары Байбазаров «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-да басқарма бастығынан бастап басқарушы директорға дейін әртүрлі лауазымдарды атқарды.

2013–2016 жылдары ол Ұлттық экономика министрлігінде Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды.

Бұдан басқа әр жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз Консалтинг» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жұмыс істеді.

2016 жылдан 2022 жылғы қарашаға дейін ол «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және Басқарма төрағасы болды.

2022 жылғы 16 қарашада Байбазаров «Қазақстан Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

2023 жылғы 5 қазанда «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ холдингі басшысы болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2024 жылғы 6 ақпанда президент Тоқаевтың жарлығымен Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> 2024 жылғы 21 желтоқсанда президент жарлығымен лауазымынан босатылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2025 жылғы ақпаннан қазанға дейін Премьер-министрдің экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі болып қызмет атқарды.<ref>Нұрлан Серікұлы БАЙБАЗАРОВ</ref>

2025 жылғы 15 қазанда ол Президент Әкімшілігінде жаңадан құрылған Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2026 жылғы 25 наурызда Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметіне тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Олжас Бектеновтің министрлер кабинеті