Нұрлан Сақтапбергенұлы Тілеубаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұрлан Сақтапбергенұлы Тілеубаев - 1966 жылы 2 шілдедө Ақтөбе облысы Хазретовка ауылында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің бітірген (1992), заңгер. 1983 жылдан - «Красный партизан» ұжымшарының механизаторы (Ақтөбе облысы). 1984 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1986 жылдан - «Красный партизан» ұжымшарының механизаторы. 1987 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеттің (әл-Фараби атындағы ҚазМУ) студенті. 1992 жылдан - «Сеймар» концернінің бас директоры (Алматы қ.). 1994 жылдан- «Әліби» АҚ президенті. 1998 жылдан бері - «Қазақстан Астық Одағы» ЗТБ президенті. «Құрмет» (2006) орденімен, «Ерен еңбегі үшін» (2001) медалімен марапатталған. Үйленген. 4 баласы бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Bio-stub