Нұрлан Нұрасылұлы Аманбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға


Нұрлан Нұрасылұлы Аманбаев 1982 жылы 28 сәуірде Қызылорда қаласында туған. Қазақ.

  • Әкесі - Аманбаев Нұрасыл Маханбетжанұлы, жолсерік болып қызмет етеді. Анасы - Аманбаева Гүлнәр Камалқызы, Белкөл кентіндегі №93 балабақшада жұмыс істейді.
  • Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген (2004), инженер-жүйе технигі. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.
  • 2004 жылдан - «Аманбаев» ЖК құрылтайшысы (Қызылорда қаласы). 2006 жылдан бері - «5СЗ Инжиниринг» ЖШС директоры (Қызылорда қаласы). Тұрғындардың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарына көрсеткен көмегі үшін «Игілікті іс» қорының алғыс хатымен аталған. Әскердегі атағы запастағы лейтенант. Діни көзқарасы - ислам. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев, В.В. Путин.
  • Үйленген Жұбайы - Қаленова Айман Кәрібайқызы (1983 ж. т.), «НұрТехСервис» ЖШС директоры. Ұлдары - Нұрасыл Ақылбек Нұрланұлы (2006 ж. т.), Нұрасыл Данабек Нұрланұлы (2009 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}