Нұрлан Еркебұланұлы Смағұлов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұрлан Еркебұланұлы Смағұлов - 1965 жылы 2 маусымда Алматы қаласында туған. Қазақ.

Анасы - Ашубасарова Бәтима Дайырбайқызы.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің биология факультетін бітірген (1990), биолог.

Орыс және ағылшын тілдерін біледі.

1990 жылдан - «Нұрбұлақ» ШҒӨК жетекшісі. 1992 жыл-дан - «Астана Моторс» ҚМК президенті, «Астана-Холдинг» КХК вице-президенті. 1996 жылдан - ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі, ҚР Мемлекеттік азық-түлік келісім-шарт корпорациясы бақылау кеңесінің төрағасы. 1998 жылдан - ҚР Мемлекеттік азық-түлік келісім-шарт корпорациясы басқармасының төрағасы. 2002 жылдан бері - «Астық индустриясы» компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы және «Астана моторс» ҚМК президенті.

«Тарлан» меценаттар клубының мүшесі.

«Құрмет» орденімен (2007) марапатталған. Ernst&Young халықаралық аудиторлық компаниясы «Жыл кәсіпкері» халықаралық конкурсы ¥лттық кезеңінің жеңімпазы.

Әскери атағы - запастағы офицер.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Мықты тәуелсіз өркениетті мемлекет».

Хоббиі - альпинизм, тау шаңғысы, үлкен теннис.

Үйленген. Жұбайы - Смағүлова Мәдина Амангелдіқызы, үй шаруасымен айнылысады. Қыздары - Смағұлова Ақжан, Смағұлова Еркежан; ұлы - Смағұлов Еркебұлан.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub